Республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының ұтысына Сырым ауданынан Әйгерім Мамбетьярова есімді қызымыз қатысып шаңсорғыш ұтып алды.Әйгерімнің сөзіне сүйенсек,қыркүйек айынан бастап 17 түбіртек жинап тапсырып,ұтысқа ие болып отыр.

 

Өткізіліп жатқанына үшінші жыл болған бұл акцияның ерекшелігі - электрондық форматта «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы өткізіледі. Қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Акцияға тұтынушылар сатып алған тауар үшін, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберу арқылы қатыса алады. 

Акцияның негізгі мақсаты: - азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық мәдениетін көтеру; - бақылау-касса машинаны қолдану арқылы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту; - көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту.

МАРХАТ ТҰРЛАНҚЫЗЫ