Бүгін Сырым ауданына құрамында ғылыми жетекшісі Н.Сафуллин, жоба жетекшісі А.Кайрлиева бастаған, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттері бар «Жаһанша ізімен» атты экспедиция келді.

Алдымен эспедиция мүшелері ЖББ Ж.Досмұхамедов атындағы ОМБК мұражайымен, кейін Алаш мұражайымен танысып, Алаш саябағында естелік суретке түсті.

Түстен кейін экспедиция мүшелері Бұлдырты ауылдық округіндегі Қарақұдық елді мекеніндегі Ж.Досмұхамедовке арналған ескерткіш белгі мен ЖББ Бұлдырты орта мектебінде жаңадан ашылған мұражаймен танысты. Қонақтар аудандағы мұражайлардан «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, сондай–ақ Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі жайында жасалған түрлі экспозицияларды тамашалап, мол мағлұматтар алды. Жоба жетекшісі А.Кайрлиева Алаш мұражайы мен мектеп мұражайларына арнап әкелген естелік сыйлығын табыс етті. Әрі қарай «Жаһанша ізімен» экспедициясы көршілес Қаратөбе ауданына аттанды.

 

Д.Кажиахметов