Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Қарағанды елді мекенінде Ерғалиев Сабыржан есімді азамат тұрады. Сабыржан Тілекқабылұлы үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап қаз шаруашылығымен айналысады.

Бастапқы кезде өз қаражатымен Ресей Федерациясының Оренбург қаласынан 500 қаз әкеліп,қазіргі уақытта шаруашылығын жүргізіп отыр. Сабыржанның айтуынша, линда тұқымды қаздар аса күтімді қажет етпейді екен. Қазіргі таңда жолдасы екеуі күтімін жасап,мемлекеттен субсидия алып,шаруашылықтарын кеңейтпек ниетте екен. Осы мақсатта Сабыржан Орал қаласында "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" жанынан оқып,сертификат алған. Айта кетерлігі,Сабыржанмен тілдескен уақытта өзіне сенімді,алдына қойған мақсаты айқын азаматтың бейнесін көрдік. Қыс мезгілі жақындап келе жатырғаннан кейін,қаз етіне сұраныс та арта түсері анық.Әзірге аталған шаруашылықтың бірлі-екілі тұрақты тұтынушылары бар екен. Біз өз тарапымыздан Сабыржан Тілекқабылұлына сәттілік тіледік.