Аталған спорт алаңы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Молдашев сөз сөйлеп бұл игі бастама ауыл тұрғындары мен балалар үшін өте қуантарлық жағдай екенін тілге тиек етті. Жаңа спорт алаңының лентасын аудан әкімі Т.Төреғалиев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Молдашев қиды. 

Салтанатты шарада Бұлан ауылы жастары әннен шашу шашты.