Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихаттың 2018 -2020 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

2018 жылдың 28 қазаны күні №6 Сарой сайлау округі бойынша сайлау өтіп, сайлау қорытындысы бойынша Сырым аудандық мәслихат депутаты болып Ернар Байдашев сайланған болатын. Сессияның басында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Асланбек Сарқұлов жаңа депутатқа депутаттық куәлік пен төсбелгіні салтанатты түрде тапсырды.

Айта кетейік, Ернар Байдашев 1980 жылы Сырым ауданы, Сарой селолық округіне қарасты Қызылтаң елді мекенінде дүниеге келген. 2007 жылдан бері «Бекжан» шаруа қожалығының жетекшісі болып келеді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы