Бүгін Сырым ауданында ауылдық округ әкімдерінің елді мекендердегі есебі басталды. Алғашқы болып Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Тимур Айтқалиев Құспанкөл елді мекеніндегі тұрғындардың алдында есеп берді.

Есептік кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков және бірқатар сала басшылары қатысты.

Тұрғындар өз кезегінде ауыл маңындағы бөгетті жөндеу жөнінде ұсыныс айтты. Бөгетті жөндеу - мал шаруашылығы үшін өте тиімді болады. Аудан басшысының айтуынша, мәселе биыл шешіледі.
Осы жылы Құспанкөл ауылындағы медициналық пункт күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы өзінің сөзінде аудандық орталық аурухананың басшысы Мұрат Дүсеев мәлімдеді.