Аудан әкімінің ашық есік күндері Аралтөбе және Қызылағаш елді мекендерінде жалғасын тапты.

Аталмыш жиынға аудан басшысы Т.Төреғалиев, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С,Иманғалиев, электр торабы басшысы Ж.Молдашев, білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева, аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қ.Молдағалиев, ветериарлық станцияның басшысы Р.Усағалиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің маманы Б.Төлегенов,"Қайсар" спорт клубының директоры Б.Ихсанов қатысты. Алдымен ауыл әкімі Ә.Мұхитов атқарылған іс - шаралар жөнінде баяндама жасады. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы З.Ергазиева мектептердегі жағдай бірқалыпты екендігін, заман ағымына сай "Цирфлы Қазақстан" жобасына сәйкес, барлық мектептер бағалау жұмыстары электронды жүйеге ауысқандығын атап өтті. Өзге де бөлім басшылары өз салалары бойынша енгізілген өзгерістер жөнінде түсінік берді. 

Жиынды қортындылаған аудан басшысы Т.Төреғалиев тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынатындығын айтты.