Алматы қаласында өткен дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оларды халық алдына шығарып, өнерлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған " Мен де жұлдыз боламын ! " атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауда əн жанры бойынша ЖББ Қособа орта мектебінің мектепалды даярлық тəрбиеленушісі Талаптан Айым Асхатқыз бас жүлде Гран-При иесі атанып, Түркия елінде өтетін гала концертке жолдама алды 

Талантты бүлдіршінді дүбірлі додаға дайындаған жетекшісі Яхут Амиргалиева. Республикалық додада атой салған Айымды үлкен жеңісімен құттықтаймыз!