Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев 8 қараша – Статистика күніне орай Сырым аудандық статистика басқармасының қызметкерлерін қабылдады. Аудан басшысы цифрларды сөйлеткен сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, тілегін білдірді. 

2001 жылдан бері ауданның статистика саласында еңбек етіп келе жатқан Тұрғали Ерғалиевке Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің Құрмет грамотасын табыс етті. «Қазақстан Республикасының Статистика күніне орай көп жылдық жемісті және адал еңбегі, сондай-ақ статистика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Тұрғали Салауатұлы Ерғалиев марапатталады» деп жазылған Құрмет грамотасына министр Т.Сүлейменов қол қойған. 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА