Биыл 29 қаңтардан бастап 8 ақпанға дейін Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға Сырым ауданы, Жосалы ауылының тумасы Абзал Әжіғалиев қатысып,өнер көрсетпек.

Абзалдың шорт-трекпен айналысқанына 12 жыл болған.

Алғаш мұз айдыны сарайында жаттыққан. Еселі еңбегі еленіп, 2007 жылы шорт-тректен ҚР спорт шебері атағын алса, төрт жылдан соң ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған.
Абзал 2016 жылғы Әлем кубогінің жеңімпазы! Универсиададан кейін Белоруссия және Голландияда өтетін әлемдік додада бақ сынамақ!

Ендеше, Абзалға сәттілік серік болсын деп тілек білдіреміз!