Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Сырым аудандық мәслихатының кезектен тыс Х сессиясы болып өтті. Сессияға аудандық мәслихаттың депутаты Бақытжан Хамидуллин төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Олардың ішінде аудан бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы, Сырым ауданының аумақтық даму бағдарламасын бекіту туралы мәселелер бар. 

Қорытынды сөзді аудан әкімі Абат Шыныбеков сөйледі.

Бауыржан Ширмединұлы