1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай "Қайсар" спорт клубының ұйытқы болуымен көпшілік жүгіріс оздырылды. Шараның мақсаты жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, патриотизмге тәрбиелеу.

Көпшілік жүгірістен соң аудан басшысы Т.Төреғалиев аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Спорттық шараға белсенді қатысқан ардагер спортшы Е.Шуреновты, жас спортшы Е.Нариманды белсенді ұжым аталымымен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұжымын және Аманжоловтар отбасын арнайы алғыс хатпен марапаттады. Спорттық шара соңында лотерея ойыны ойнатылды.