Мен, Орал қаласындағы Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде «Физика мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып, 2018 жылы оқуды аяқтадым. 

Тұрақты жұмысқа орналасу мақсатында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жолыққан болатынмын. Сөйтіп, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3-бағыты «Жастар практикасы» арқылы ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жылдың аяғына дейінгі шартпен жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебіне жолдандым. 

Жастар практикасы жас мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Алайда, шарттың уақыты аяқталмай жатып, осы жылдың қыркүйек айында аталған мектепке тұрақты түрде жұмысқа орналастым. Осы орайда, жастарды қолдау ретінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асып жатқанына ризашылығымды білдіргім келеді.

Ұжымда басқа да жас мамандар бар. Бірлесіп жұмыс жасап келеміз. Елбасымыз өзінің кезекті жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын қолдай келе, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, өз үлесімді қосамын.

Ернар Жампоз
Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі