Орал қаласында өткен "Бақытты елдің ұрпағы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында өткен ХII "Дала сазы" республикалық байқауында мәдениет үйі жанынан құрылған Бақтыханым Жұмағалиева жетекшілік ететін үлгілі "Жауқазын" би ансамблінің орта тобы Бас жүлдені қанжығаларына байласа, Еркегүл Өтенғалиева жетекшілік ететін "Қанаттан" вокал үйірмесінің оқушысы Амандәулет Айару жүлделі II орынды, Сүйінғали Мақсат бейнелеу өнері жанры бойынша жүлделі I орынды иеленіп, жалпы қорытындыда 3 жанр бойынша қатысқан барлық өнерпаздарымыз Халықаралық байқауға жолдама алды.

Бұл жолда жетекшілерінің еңбегі зор екендігін атап өткен жөн. Жас өрендеріміз өнердің биік шыңынан көріне берсін!