7 желтоқсан күні «Қосымша білім беру ұйымдарына – 100 жыл» толуына орай аудандық «Жас туристер станциясы» мекемесінде ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күніне үйірме тәрбиеленушілері, барлық педагогтар қатысты.

Өткізілген іс-шарада оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жолдары, қосымша білімнің маңызы, туристік-өлкетану және экология жұмыстарының салауатты өмір салтын қалыптастырудағы тиімділігі айтылды. Шараның ашылу салтанатында аудандық білім беру ұйымының басшысы З.Ергазиева және қосымша білім беру әдіскері Г.Шайхиева сөз сөйлеп сәттілік тіледі. Мекеме басшысы Қ.Исатаева үйірме жетекшісі С.Ажигалиевке туристік көпсайыстан «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» куәлігін табыстады. Мекемеде үйірме тәрбиеленушілерінің аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жетістіктерінен көрме ұйымдастырылып, мекеме жұмысы туралы педагог ұйымдастырушысы Е.Бердигалиев баяндама жасаса, педагогтар ашық сабақтар өткізді. Атап айтсақ, А.Бекмуханова «Қызыл кітап және оның маңызы», Р.Магзумов «Шаңғы туризміндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы ашық сабақ, Е.Ескабулов «Менің елім -Қазақстан» тақырыбындағы этнографиялық ойын сабақ және С.Ажғалиев «Кім шапшаң» атты ойын сабақ өткізсе, И.Кайргалиева «Ұлпа қар» тақырыбындағы шеберлік сыныбын, ал практикалық бөлімінде Ж.Есламгалиев «Лабиринт» қашықтығынан оқушыларға жарыс ұйымдастырды.