- Қособалықтардың мәдениет үйіне зәрулігін, дербес ғимаратсыз ауыл мәдениеті мен өнер дамытудың қандай қиын екенін бір кісідей білемін. Себебі менің осы салада еңбек етіп жүргеніме 20 жылдай уақыт болды.

Осыған дейін мектептік акт залын ауылдың клубы есебінде пайдаланып келдік. Музыкалық жабдықты да өз күшімізбен жасақтап, жоқтан бар жасап жүрдік. Бір жақсысы, біздің жұмысымызды ауыл халқы қай кезде қолдай білді.

Ауылда талантты тұрғындар, әсіресе жастар көп. Солармен бірігіп, жаңа мәдениет үйінде өнер жаңалықтарын жасаймыз деп ойлаймын.