Бүгін Қособа ауылдық округіндегі ең маңызды мәселе шешімін тапты. Жергілікті халықтың әкімдермен кездесуінде жиі көтерілетін мәселе – Қособаға мәдениет үйін салу мәселесі еді. Халықтың сол өтінішін билік қабыл алып, облыстың әкімі Алтай Көлгінов мырза өзі қолдап, ауыл өміріндегі ұлы қуанышқа куә болып жатырмыз.

Қазір мемлекет елдің рухани тәрбиесін, сананың мәдени өсуін бірінші кезекке қойды. Мәдениетке жағдай жасалмайынша, рухани тәрбие алға баспайды. Осы жағынан ойлағанда, жаңа мәдениет үйі тек Қособаға не болмаса Сырым ауданына емес, түгел елге қызмет етеді деп ойлаймын.

Келесі жылды Елбасы Н.Назарбаев жастар жылы деп жариялады. Жаңа мәдениет үйінің де игілігін жастар көреді, балалар көреді. Құтты болсын!