Тәуелсіздік - қазақтың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған Тәуелсіздіктің маңыздылығы мен тарихы жайында айта берсек әңгіменің шегіне жетпеспіз, әрине!

Дегенмен Тәуелсіздік экономика мен саясатта ғана емес жеке адамдардың да өміріне өзгеріс, жақсылық, табыс, жетістік әкелді. Болашаққа деген сенім мен үміттің нәтижесінде, бүгінде еліміздің керегесі кең, терезесі тең. Біз үшін ана тіліміз, санамыз, мәдениетіміз бодандық құрсауынан босап, тәуелсіз дамуы өте маңызды, әрі құнды. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.