Тәуелсіздік – ұлы дала елінің елдігі мен ерлігі. Тәуелсіздік бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Жалпы, сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамы қай кезде де біздің жүрегімізді айрықша орын алып, кеудемізде мақтаныш кернейді. Аллаға шүкір, бүгінде тәуелсіз мемлекетке тән шекарамыз, рәміздеріміз, заңымыз, тіліміз бен дініміз бар. Бұл тәуелсіздікті түсінген адамға шексіз, құнды байлық.