Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев зейнеткер, аудандық билер кеңесінің төрағасы Сыдық Тәжмұханды қабылдап, ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай оған Сырым ауданының Құрмет Грамотасын табыс етті.

Сыдық Тәжмұхан - ауданымызда бірқатар басшылық қызметтерде болған кісі. Кейінгі жылдары ол «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалын басқарды. ҚР Байланыс және Ақпарат Министрлігінің «Құрметті байланысшы» төсбелгісімен марапатталған.

Салтанатты қабылдауға Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев қатысты.

«Сырым елі»