Қазақ халқы ғасырлар тоғы­сын­­да тұңғыш Президентіміз Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевпен бірге Тәуелсіздік, азаттық деген ақ періш­тені қолына қондырды. Бұл біз­дің қаншама ғасырлар бойы күткен арманымыз еді.Сол бір қасиетті Тәуел­сіздікті ұядан ұшы­рып, қана­тын қомда­тып, қыран тұл­ғалы еткен тұңғыш Президентімді қалай жақсы көр­сек те, қалай құлай сүйсек те, Ел­басы салған сара жолға қалай бас тіксек те жарасады.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
Бүгінгі шәкірт – ел ертеңі. Олай болса, елжанды, шын патриотты тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік!