16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Қайсар" спорт клубы мен "Сырым" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы" қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен көпшілік жүгіріс оздырылды. Шараның мақсаты жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, патриотизмге тәрбиелеу. Көпшілік жүгірістен соң аудан басшысы Т.Төреғалиев аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Спорттық шараға белсенді қатысқан ардагер спортшы Еркін Шуреновты,жас спортшы Аман Еламан , белсенді ұжым аталымымен Сырым колледжі ұжымын және Кажимовтар отбасын арнайы алғыс хатпен марапаттады. Спорттық шара соңында лотерея ойыны ойнатылды.Айта кетейік,лотерея ойынында бас жүлдеге ұялы телефон тігілген болатын.