Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Сырым ауданы әкімінің волейболдан ауыспалы кубогы өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат депутаты Асхат Дүйсенғалиев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Он екі команда бақ сынаған волейбол бәсекесінде І орынды "Аудан орталығы" командасы жеңіп алды. Екінші орынға "Аралтөбе ауылдық округі", үшінші орынға "Бұлдырты ауылдық округі" командасы табан тіреді. "Жеңіске деген жігерлігі үшін" Қособа ауылдық округі марапатталды.
Шынар Молданиязова