Тәуелсіздік күні Жосалы ауылдық округінде де тойланып, шараға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысты. Салтанатты шара мелмлекеттік әнұранмен ашылып, Тәуелсіздікке жету жолы жайында бейнролик көрсетілді. 

Аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов жосалылықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еңселі егемендігіміздің арқасында ауданда жасалып жатқан іргелі істерді атап өтті. Ел тарихындағы Тәуелсіздікті жақындатудағы ата-бабаларымыздың, алдыңғы буынның ерлік істерін ұмытылмайтындығын айтты. 

 

Мерейлі 70 жасқа толған Асан Сапарұлына ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі белсенділігі үшін облыс әкімі А.Көлгіновтың алғыс хатын табыс етті. Жанар Жаубайқызына аудан әкімі Т.Төреғалиевтің алғыс хаты табысталды.

Жосалы ауылдық округінің әкімі Қобыланды Ғабдешов ауыл тұрғындары Армат Ғалымжанұлы, Бекболат Жәшімұлы, Сәуле Қадырбайқызы, Нұркен Кеңесұлын марапаттады.

Салтанатты жиын ауыл көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Шынар Молданиязова