Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Халыққа арзан бағамен ет, сүт, тоқыма өнімдері ұсынылды. Жылқы етінің келісі 1400 теңгеден, картоптың қабы 2000 теңгеден сатылды. Соғымға соятын жабағы 150000 теңгеден шығарылды. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі 22 және 29 желтоқсан күндері өтетін болады. Жаңа жыл қарсаңында, 29 желтоқсанда жәрмеңкенің жабылу салтанаты ұйымдастырылады.
Шынар Молданиязова