Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов Бұлдырты ауылында өткен Тәуелсіздік тойына қатысты. Мерекемен бұлдыртылықтарды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудан әкімінің атынан ауыл тұрғындары Гүлнар Габдуллина, Мариям Мүтиева, Ағима Бахтияроваларға алғыс хат табыс етті.

 

Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Ерлан Мақашев ауыл тұрғындары Наурызбай Рахметов, Дәулетқали Мырзағалиев, Ермек Рахметов, Жанболат Матышев, Нұрсұлу Матышева, Қуаныш Қапанов, Манас Досқалиев, Толқын Санимоваларды марапаттады.

Салтанатты жиын "Тәуелсіздік деп соғады жүрегім" атты мерекелік концертпен сабақтасты. Бұлдырты орта мектебінің оқушылары Қайрат Рысқұлбеков туралы көрініс қойып, көптің қошеметіне бөленді. Жансая Қанатқызы жетекшілік ететін "Керім-ай" би тобы ұлттық нақыштағы "Шашу", "Адай" билеріне халық разы боп, қол соқты.