Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты шара Өлеңті ауылында өтті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің директоры Нұржауған Құлмұхановаға облыс әкімінің алғыс хатын табыс етті. Аудан әкімінің алғыс хатын Ақкенже Көптілеуоваға табыстады. Жымпиты ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәлімжан Қыдыралин ауылдың қоғамдық-саяси өміріне үлес қосып жүрген тұрғындарды марапаттады.
Аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы және аудандық балалар саз мектебі өлеңтілік ағайындарға әсем мен әдемі биге толы мерекелік концерт ұсынды.

 

Шынар Молданиязова