Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының әкімі "Қазақстан Республикасында дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау" жол картасына сай,республикалық және халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиадалардың,спорттық жарыстардың жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті. Олардың қатарында біздің ауданымыздан былтырғы жылғы футболдан "Былғары доп" ұлттық мектеп лигасынан облыстық кезеңінде жүлделі 1 орын,Семейде өткен республикалық кезеңде облыс намысын қорғап, жүлделі 2 орын иемденген Қ.Мырзалиев орта мектебі құрамасы да бар. Жетекшілері Қ.Мырзалиев орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Чукуров және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Р.Чукуров пен бірге облыс әкімінің арнайы Алғыс хатына ие болды. Жас футболшыларымызға алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.Алға, жас қырандар!