Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі Тимур Айтқалиев түстен кейін округке қарасты Қарағанды елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

Қарағанды елді - мекеніндегі мектеп оқушылары іргелес Алғабас ауылдық округінің орталығындағы мектепте білім алады. Оқушылар үшін арнайы тасымал ұйымдастырылған. Қарағандылықтар билік басындағылардан Алғабас ауылымен қатынайтын жолды қадағалауда ұстауды сұрайды. Аудан басшысы Абат Шыныбеков округ әкімі Тимур Айтқалиевке Қарағанды елді мекенінен мектеп оқушылары үшін арнайы аялдама орнатуды тапсырды. Ел болғасын күнделікті мәселелердің болуы түсінікті нәрсе. Олардың дені жергілікті деңгейде шешімін тауып жатыр. Ауылдағы жарықшам мәселесі осы аптада шешілетін болды.