Кешегі жексенбіде Жымпитыдағы С. Датұлы атындағы стадионда дәстүрлі тай жарысы өтті. Жарысқа қатысқан онға жуық тайдың арасынан осы жолы жымпитылық Әлібек Исмағұловтың «Жұлдыз» атты тайы мәреге бірінші келді. Шабандозы – Бекжан Сәмиғоллин. Ал, екінші және үшінші орынды өлеңтілік атбегі Төлеби Қайыржановтың тайлары алды. Бұл жеңістер - Хамит Тұрлыхан шапқан «Алаяқ» пен Нұрсұлтан Өтепов шапқан «Ханшайымның» алғашқы нәтижелері ғана. Жанкүйерлер алдағы жарыстарда Төлебидің тайлары топ бастайды деп топшылауда.

- Тай жарысының маусымы өте сәтті басталуда. Жарыстар енді қызады. Келесі жолы тай жарысынан бөлек, ауыл жастары арасында аударыспақтан сайыс өткізуді жоспарлап отырмыз. – дейді «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы