Ауданымызда 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап «Өрлеу» мемлекеттік жоба жүзеге асуда.«Өрлеу» жобасының мақсаты- тұрмыстық деңгейді көтеру. Ал ең кереметі- отбасы мүшелерінің ақылы қызметке орналасуы, немесе жеке кәсіпкерлікке мүмкіндік алу, немесе шаруа қожалығын әлдеқайда тиімдірек ұымдастыру арқылы өзін-өзі қамтамасыз етуі.

«Өрлеу» жобасы дегеніміз отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісімшарт жасасу арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек көрсету бағдарламасы. 

«Өрлеу» жобасы шартты ақшалай көмек көрсетумен қатар, бірнеше мүмкіндіктер ұсынады: 

- жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге;
- мамандық алуға, қосымша мамандық алу үшін қайта даярлықтан өтуге;
- отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.

«Өрлеу» жобасына орташа табысы жан басына шаққанда азық түлік себетінен төмен болатын отбасылар (азаматтар), егер еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға белсенді түрде қатысқан жағдайда қатысуға құқылы.(Азық түлік себеті әр тоқсан сайын өзгеріп отырады, 2016 жылдың ІҮ тоқсанына -13018 теңге болып белгіленген). Егер отбасы құрамында әлеуметтік белсенділігін арттыруға қатысатын талапкерден басқа еңбекке жарамды мүшелері 3 жасқа дейінгі және 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала, 80-нен асқан қариялар, 1-2 топтағы мүгедектер болса, жұмысқа орналасу міндетті шарт емес. 

«Өрлеу» жобасына қатысатын отбасымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында келісім шарт жасалып және орындалуы тұрақты түрде уәкілетті органдар тарапынан бақылауда болады. Шартты ақшалай көмек алты айға тағайындалып үш ай сайын бір реттік төлемдер ретінде төленеді.

Жобаға қатысам деген ниет бүлдіруші жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде немесе ауыл әкімшілігінен кеңес алып сұхбаттасады. Тағайындалған шартты ақшалай көмекке шаруашылыққа мал сатып алып өсірумен әлде өз кәсібін ашып қолдан келетін кәсіппен айналысама, сол жөнінде өз өтінішін білдіріп тиісті құжаттарды тапсырыды. Тағайындалған шартты ақшалай көмекті өз қажеттілігіне жұмсамау үшін жұмыссыз отбасыны бірінші мақсат жұмысқа орналастыру.

Бүгінгі таңда ауданымызда «Өрлеу» жобасына 11 отбасыдағы 61 адам қатысып жалпы сомасы 2573,1 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, соның 5 отбасындағы 27 адамға 945,8 мың теңге төленіп, сол қаржыға барлығы 3 сиыр, 2 қашар, 2 бұзау, 4 қой сатып алып әрі қарай өз шаруашылықтарын өсіріп жұмыстануда. Атап айтсақ Қособа -1 отбасы, Шолақаңқаты 3-отбасы, Жымпиты -1 отбасы. Қалған 6 отбасыдағы 34 адамға қараша айында -1261,2 мың теңге төленді. Сол қаржыға тағы мал сатып алуға және өз істерін ашуға жұмыстануда. 
«Өрлеу» жобасы еңбек нарығында өз орнын таба алмаған еңбекке қабілетті, тұрмысы төмен тұрғындарға әлеуметтік қолдау бағытында жақсы бастама деп есептейміз.

Сырым аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Арман Баяндықов