Жаңа жылдың бірінші күні Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Жымпиты ауылының тұрғыны, 1973 жылы ауданның "Атақты шопаны" атанған Рауза Әжімұратованың шаңырағында болып, ел анасын мерейлі 80 жасымен құттықтады. Рауза Әжімұратова 1955 жылдан бері еңбекке араласып, "Жасқайрат", "Интернационал" елді мекендерінде орақ қайраушы, сауыншы, механизатор көмекшісі болып еңбек етті. Рауза анамыз шаруашылық пен қоғамдық жұмысқа да өте белсенді араласты. Ол кісі кезінде аудандық кеңестің депутаты, әйелдер съезінің делегаты болып сайланды. 1972 жылы 100 саулықтан 155 қозы алып, аудан бойынша жоғары көрсеткіш көрсетті. 1978 жылы облыстық халық депутаты болып сайланды.

Аудан басшысы мерейлі жас иесіне денсаулық пен амандық, ұрпақ қызығын тіледі.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы