Бүгін аудандық жас туристер станциясы мекемесіне жаңа басшы тағайындалды. Енді бұл лауазымды осыған дейін аудандық білім беру бөлімінің басшысы болған Зәмзәгүл Ерғазиева атқаратын болады.

Жаңа басшыны ұжымға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов таныстырды. Асланбек Ахметоллаұлы өзінің сөзінде жас туристер станциясының салауатты ұрпақ қалыптастыру ісінде үлкен үлесі бар мекеме екендігін, бұл жұмыстарды ауданда жаңашылдықпен атқару керек екендігін айтты. Сонымен бірге, Бұлан ауылдық округіндегі "Достық" жазғы демалыс лагерінің жұмысын жолға қою мәселесін де тапсырды.

Зәмзәгүл Ерғазиева білім беру саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол кісі аудандық білім беру бөлімінің басшысы болған жылдары ауданның оқушылары мен педагогтары республикада үздік атанды, ауыл мектептері ірі республикалық шараларды қабылдады. 

Түске дейін аудандық білім беру бөлімінде Зәмзәгүл Ерғазиеваның жаңа қызметке ауысуына байланысты жиын өтті.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы