Бүгін – ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туған күні. Осы күннің құрметіне ақынның туған жері Жымпиты ауылында бірқатар шаралар өтті.

Ақын оқырмандары таңмен Жымпитыдағы Қадыр ескертшінің басында өлеңдер оқып, гүл шоқтарын қойды.

Ақынның туған күніне арналған әдеби – сазды шара Қ. Мырзалиев атындағы мектепте өтті. Бұл мектепте бүгінгі күні Қадыр сыныбы жұмыс жасайды. Сонымен бірге, мектептің мұражайында Қадыр Мырза Әлінің өмірін насихаттайтын арнайы экспозициялар мен мектеп дәлізінде Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, фотосуретші Рафхат Халеловтың фотокөрмесі бар.

Шараларға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, Сырым ауданының құрметті азаматтары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Ғалымов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Махмет Қажиахметов қатысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы