Облыс орталығында өтіп жатырған жалпы білім беретін пəндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Сырым ауданының оқушылары жүлделі орындардан көрінді. Құқық негіздері пəнінен ЖББ Қ.Мырзалиев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Тургалиева Айжан мен дəл осы пəннен аталған мектептің 11 сынып оқушысы Ералиева Малика 1 орын иеленді (жетекшілері Гүлдана Нугманова), Қазақстан тарихы пəнінен ЖББ Қ.Мырзалиев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сағидулла Альбина 2 орын (жетекшісі Ж.Жайманова) иеленді.

Сонымен қатар ЖББ Қ.Мырзалиев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Халитова Зухра (жетекшісі Х.Жұбанғалиев), ЖББ Жырақұдық орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мерекеев Əділжан (жетекшісі Қ.Абилкасымов), ЖББ Қ.Мырзалиев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Камалиева Нурия (жетекшісі Ж. Кенжегарин) белсенді қатысқаны үшін алғыс хатқа ие болды. Одан бөлек қос бірдей жеңімпазды дайындаған ЖББ Қ.Мырзалиев орта мектебінің мұғалімі Гүлдана Нугманова мен олимпиадаға белсенді қатысқан Сырым ауданы командасына облыстық білім басқармасының басшысы Ш.Кадырованың алғыс хаты табысталды. Олимпиада жеңімпаздары болған оқушыларымыз Республикалық олимпиада кезеңінде бақ сынайды.