Аудан әкімдігінде актив жиыны өтіп, оған «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитов қатысты. Рауан Сәбитұлы ауданның айнасы болған газетте 42 жыл табан аудармастан еңбек еткен «Сырым елі» газетінің редакторы Махмет Қажиахметовтың зейнеткерлікке шығауына орай жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыс етті. Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Махмет Мүтиұлына шапан жауып, құрмет көрсетті. 

«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Рауан Сәбитов «Сырым елі» газетінің жаңа редакторы ретінде осыған дейін тілшілік қызмет атқарып келген, айтыскер, ақын, журналист Бауыржан Ширмединұлын таныстырды. 

Махмет Мүтиұлы қызметте қоян-қолтық араласқан аудан активіне алғысын білдіріп, ізін басып келетін жастардың жұмыс жасауына мүмкіндік берілуі қажет екенін айтса, Бауыржан Ширмединұлы жаңа қызметте артылған сенімді ақтайтынын жеткізді. 

Актив жиынынан соң, Р.Сәбитов «Сырым елі» газетінің редакциясы ұжымына жаңа редакторды таныстырды, материалдық-техникалық базамен танысты.