Бүгін жәрмеңке алаңында аудан бойынша жәрмеңкенің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Айта кетерлігі,былтырғы жылы ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі 29 рет өтсе,биылғы жылы наурыз айынан желтоқсанға дейінгі аралықта 42 рет өткізілген.Бұл дегеніміз айтарлықтай жоғары көрсеткіш деуге болады.Жәрмеңке ұйымдастырудағы басты мақсат нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылған сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен аудан тұрғындарын қамтамасыз ету. Салтанатты шарада аудан әкімі Т.Төреғалиев сөз алып,аудан жәрмеңкесінің өтуіне үлес қосқан белсенділерді арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.Салтанатты рәсім барысында аудан көркемөнерпаздары әннен шашу шашты.