Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жаңа жыл қарсаңында көгілдір отынға қосылатын 7 үй иесіне жалпы құны 2 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Олардың қатарында Аралтөбе ауылынан Анесовтар, Шағырлыойдан Батыровтар, Жырақұдықтан Нұрғалиевтер, Құспанкөл елді мекенінен Еслямғалиевтер, Жымпитыдан Балмағамбетовтер, Алғабастан Махметовтер, Жетікөл елді мекенінен Жанғожиндер отбасы бар.

Тегін көгілдір отын тартылып жатқан бұл үйлерге қаржысына Сырым Датұлы атындағы қоғамдық қор, аудандық кәсіподақ, кәсіпкерлер демеушілік етті.