Бүгін Сырым аудандық мәслихатының сессиясында айтыс ақыны, журналист Бауыржан Халиоллаға Сырым ауданының құрметті азаматы атағы табыс етілді.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Бауыржан Халиолла бүгінгі күні Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығына басшылық етеді. Сонымен бірге ол Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер Одағының Батыс аймағы бойынша төрағасы ретінде қазақ айтысының өңірлерде дамуына, жаңа таланттардың шығуына сүбелі үлес қосып жүр. Атақты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев тапсырды.