Аудан бойынша «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 4 адамға қайтарымсыз грант берілді. Солардың бірі, Жымпиты ауылының тұрғыны Аманжол Серғазиев 240 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болып, «МИ-500» деп аталатын пластикалық құтыларды турайтын аппарат сатып алып, жұмыстануда. 

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, жұмыспен қамту орталығының басшысы Саламат Иманғалиев А.Серғазиевтің кәсібімен арнайы барып танысты. 

 

«МИ-500» ұсақтағыш аппарат пластикалық бұйымдардың бәрін ұсақтайды. 5 минөт ішінде екі қап пластикалық құтыны үгітеді. Ұсақталған пластикалық ыдыстара – өрнектас төсеуде таптырмайтын шикізат. Жаңашыл кәсіпті қолға азамат Аманжол Тасеменұлы болашақта біртіндеп өрнектас шығарғысы келетінін жеткізді. Аудан басшысы Төлеген Серікқалиұлы көмек сұраған Аманжол Серғазиевке ұсақтағыш аппаратты қосу үшін қажетті үш фазалық электр бағанасын орнатып беруге ықпал ететінін айтты. 


Шынар МОЛДАНИЯЗОВА