Бүгін Сырым ауданында шаңғы тебу эстафетасы оздырылды. Эстафетаны көршілес Қаратөбе ауданынан қабылдап алып, Ақжайық ауданына жолдады. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Жолдауында халық ден­саулығын Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жету жо­лындағы сәттіліктерінің бір бөлшегі ретінде атап көр­сет­кен болатын. Яғни, дені сау адам – мемлекет байлығы. Сон­ды­қтан, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін елі­мізде спортты қолдауға зор кө­ңіл бөлініп отыр.

 

Бүгінгі шаңғы марафонына ауданның ардагерлері мен жастары,мекеме қызметкерлері мен оқушылар белсенді қатысты. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов сөз сөйледі. 

Аталған шара барысында ардагер спортшы Е.Шуреновке ,белсенді қатысқаны үшін Қ.Мырзалиев орта мектебі ұжымына және ең жас қатысушы М.Ғабдуллинге "Қайсар" спорт клубының директоры Е.Мұқанов арнайы алғыс хат табыс етті. 
Шара соңында лотерея ойыны ойнатылды.