Түстен кейін есептік кездесу жиыны Сарой ауылдық округінің орталығы Шағырлыой ауылында өтті.

Ауылдық округ әкімі Айбол Жакиев 2018 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Ауыл тұрғындары су мәселесі, спорт алаңын салу, мектептің қоршауын жаңарту, Көздіғара елді мекеніндегі клубтың құрылысын аяқтау, Көздіғара негізгі мектебінің терезелерін ауыстыру, медпунктқа баратын жолды көтеріп, бетіне қатты жабын төсеу мәселелері көтерілді. Ләззат Төлембекова, Төлеген Нұрмұханов, Бауыржан Сұлтанғалиевтер әкімдер есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.

Ұсыныс-пікірлерлерге құлақ түрген аудан әкімі Төлеген Төреғалиев ауылға әзірге аудан орталығынан су тасымалдап беруге болатынын, Жымпитыға Кеңащыдан су келсе, ұзамай "Ақбұлақ" Шағырлыойға да жететінін айтты. Медпунктқа 500 метрлік жол салу мәселесі де шешілетін болды.