Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев жуырда тегін көгілдір отын кіргізу үшін бірнеше отбасыға сертификат табыс еткен болатын. Сондай сертификатқа ие болған Шағырлыой ауылының тұрғыны Рая Батырованың үйіне бүгінде газ кіріп те үлгерді.

Тегін көгілдір отынның қызығын көріп отырған Р.Батырованың шаңырағына аудан басшысы арнайы бас сұғып, жағдайын білді. Үй иесі аудан әкіміне алғысын жеткізді.