Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев Шағырлыой ауылының тұрғыны Гүлбану Абдуғалиева бордақылауда тұрған малдарын арнайы барып көрді. Г.Абдуғалиева 2017 жылы "Береке" бағдарламасымен 1 млн 400 мың теңге несие алған болатын.

Бүгінде оның ұлы Ерболат Абдуғалиев бордақылау ісін мықтап кіріскен. Бірінші жылы 4 бас алып, кейін санын 20-ға жеткізеді. Өткен аптада екі бас бұзауын сатып, 180 мың және 200 мыңға тапсырған. Қазір олар 18 бас ірі қараны күтіп-баптауда.

Ерболаттың мәлімдеуінше, бордақылаудағы малдарға күніне екі мезгіл 3 келіден арпаны ұсақтап береді екен. Жемді Ерболат Абдуғалиев арзан уақытында молынан сатып алыпты.