9 қаңтар күні Сарой ауылында ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешені және «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні мұғалімі Утешов Азамат Нағымұлының 50 жас мерей тойына арналған шағын футболдан аудандық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында мектеп директоры Тұрсын Елтайқызы мерей той иегерін құттықтап алғыс хат табыс етсе, «Қайсар» спорт клубы директоры Бауыржан Ихсанов Азамат Нағымұлын 50 жас мерей тойымен және БЖСМ жаттықтырушысы Ереш Шамешұлын мерейлі 55 жасымен құттықтап алғыс хат табыс етті.

Турнирге барлығы 6 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша: І орын ЖББ Абай орта мектеп-балабақша кешенінің оқушылар командасы, ІІ орын Алғабас командасы, ІІІ орынды Жетікөл командасы иеленді. Жеңімпаздармен, жүлдегерлер және үздік ойыншылар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.