Бүгін Сырым ауданының активінде Сырым аудандық сотының жаңа судьясы таныстырылды. Бұл лауазымға ҚР Президентінің жарлығымен Ниязов Таймас Кеңесұлы тағайындалды.Актив жиынына қатысқан Батыс Қазақстан облыстық алқа соты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ниязбек Ділдәбеков жаңа судьяның тәжірибелілігін атап өтті.

Әріптесінің жұмысына сәттілік тілеген Сырым аудандық сотының төрағасы Гамал Құлмұханов та сот саласы үшін сауатты судьялар керек деген ойды толықтырды.

Сырым өңірінде әділдіктің институты әуелден бар. Кешегі реформатор Сырым Датұлы, заңгер Жаһанша Досмұхамедұлы сияқты азаматтардың өмірлік ұстанымдары әділетті қоғамға әбден келеді. Ауданның жаңа судьясы да заңның үстемдігі үшін адал еңбек етеді деп сенемін. – деді актив жиынында сөз сөйлеген аудан басшысы Абат Шыныбеков.
Таймас Ниязов 1979 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым