Балалар саз мектебінде бүгінгі күні 102 оқушы бес бағыт бойынша білім алуда. Мектепте 8 педагог еңбек етеді. Мектептің алдында аудандағы музыкалық білім беру ісін жаңа деңгейге көтеру және оқушылардың шығармашылық жетістігін жаңарту міндеті тұр. Жаңа директор өзіне қойылған міндетті адал атқаруға сенім білдірді. 
Айта кетейік, Бекей Қанатов осыған дейін аудандық мәдениет үйінде музыкалық жетекші болып қызмет етті. Ол бірқатар шығармашылық байқауларда жеңіске жетіп, аудан мәдениетінің дамуына үлес қосты. Е. Хасанғалиевтің әндерін орындаушылар арасында өткен «Атамекен» халықаралық ән байқауының, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен «Аймақты әнмен тербетіп» атты ән фестивалінің лауреаты атанған әнші «Қазақстан дауысы», «МузартLIFE» секілді ірі телевизиялық жобаларда да бақ сынады.