Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталады. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру мақсатында Ұлт Жоспарының 12-ші қадамына сәйкес мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексі, яғни Әдеп Кодексі жаңадан қабылданып, мемлекеттік қызметшілердің этика мәселелері жөніндегі Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілген болатын.

 

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыретінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторинг арқылы бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама және қызметтік әдеп нормалары талаптарын бұзу профилактикасын қамтамасыз ету арқылы жауапты қызметтерді өз деңгейінде атқара білген уәкіл мемлекеттік қызмет саласының оң имиджде дамуына, мемлекеттік қызметшілердің беделінің артуына үлес қоса алады.

Осы мақсатпен, 2018 жылы жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес бірқатар шаралар атқарылды. Әдеп жөніндегі уәкілі ретінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын және Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру мақсатында 2018 жылдың қорытындысымен 12 ауылдық округте бірнеше рет мемлекеттік қызметшілермен, тұрғындармен кездесулер, семинар-дәрістер өткізіліп, 20 азаматқа жеке қабылдау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар №12 өрт сөндіру мекемесі қызметкерлерімен, Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп ұжымымен кездесу болып, дәріс берілді. Жыл басынан 104  мемлекеттік қызметшілер арасында анонимдік сауалнама жүргізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын сақтау, олардың оң имиджін қалыптастыру бағытында маусым айында ардагер мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен дөңгелек үстел, тамыз айында дәріс, қыркүйек айында ішкі істер органдарының МКҚ қызметкерлерін адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу және олардың мәдениетін арттыру  мақсатында «Әдеп кодексі - әдептілік негізі» атты дөңгелек үстел, қараша айында ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшыларымен мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі және оларға қойылатын талаптар жөнінде отырыс өткізілді.

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 18 мемлекеттік қызметшіге жеке консультативті көмек көрсетіліп, 4 азаматқа жеке қабылдау өткізілсе, аудан әкімінің және сала басшыларының қатысуымен жыл басынан бері өткен «Ашық әкімдік» шараларында 9 адам жеке қабылдауда болып, түйткілді мәселелері оң шешімін тапты.

Былтырғы жылы қызметкерлердің білімін дамыту және жетілдіру мақсатында 15 мемлекеттік қызметші қайта даярлаудан, 29 қызметкер біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Бүгінгі күні Сырым ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарда – 116, соның ішінде аудан әкімі аппаратында - 16, ауылдық округ әкімі аппараттарында - 57, дербес бөлімдерде - 43 мемлекеттік қызметші мемлекеттік міндеттерін абыройлы атқаруда.

Жалпы айтқанда, Елбасы Жарлығымен бекітілген, мемлекеттік қызмет саласының дамуына оң әсер беретін Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің салмағы ауыр, жауапкершілігі жоғары. Қызметті абыройлы орындау әр уәкілдің міндеті.

 

Е.Сарсенов

Аудан әкімі аппаратының басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкіл