Бүгін Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қайрат Төлепов «1 май» елді мекенінің тұрғындарымен есептік кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

«1 май» елді мекеніндегі тұрғындардың дені мал шаруашылығымен айналысады. Олардың арасында мемлекеттік бағдарламаға қатысып отырған ірі шаруашылықтар бар. Елді мекенде әлеуметтік нысан да жұмыс жасап тұр. Кейінгі кездері тұрғындар тұрақтылығы сақталып, тұрғын үйлердің сәулеті де жаңа кейіпке ене бастады. Көнерген көшелер қайтадан тізілді. 

Өңірдің осындай даму келешегі ескеріліп елді мекен 2014 жылы көгілдір отынға қосылды. 
«Тәуелсіздік бізге осылай әсер етті!» - дейді есептік кездесуге келген біріншімайлықтар. 

Кездесуде округ әкімі Қайрат Төлепов Жымпиты ауылдық округінің 2016 жылдағы әлеуметтік - экономикалық дамуы жайлы хабарлама жасады.
Жергілікті учаскелік полиция инспекторы Дархан Хайруллин қылмыстық ахуал жайлы сараптамасын айтты.

Елді мекеннің тұрғыны Тілекқабыл Нұржанов ауыз су мәселесін көтерді. Ауыл ақсақалы бұл шаруаны іргедегі Аққолқа деген жердегі су қоры арқылы шешуді ұсынды. Әкімдердің берген жауабына сүйенсек, Аққолқадағы су қоры пайдалануға жеткіліксіз көрінеді.
Тұрғындар уақытша тіркелу мәселесі жөнінде де ақпараттар сұрады.

Бірінші май елді мекенінің кіре беріс жолы да ауданның титулдық жоспарына еніпті.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы