Өлеңті ауылының әлеуметтік орталық мәжіліс залында аудандық мәслихат хатшысы, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ш. Дүйсенғалиева қос жатақхана тұрғындарымен кездесіп, олардың әлеуметтік хал-ахуалымен танысып, ұсыныс-сауалдарына жауап берді.

Кездесуге мекеме басшылары да қатысып, келесі мәселер бойынша:

  1. Халықты жұмыспен қамту орталығының құрылымдық маманы С. Өмірзақов - несие беру шарттарын мен атаулы әлеуметтік көмек туралы;

  2. Ж. Досмұхамедов ат. орта мектеп-балабақша кешенінің директоры Н. Құлмұханова - ата-аналардың балалар алдындағы жауапкершілігіне мұқият болу жөнінде;

  3. Аудандық аурухана директоры Р. Тахамбетова денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістер жайында;

  4. Аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Ж. Аязбаев жатақханадағы тәртіп жөнінде;

  5. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басшысы М. Қайырғалиев - көгілдір отынның төлемақысын өтеу қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді